БҚО-да тас жолды жөндеуге 5,5 млрд теңге бөлінді

Фото: zakon.kz
230 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысында биыл «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» тас жолының 27 шақырымын қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінді.

Мердігерлік ұйымнан атап өткендей, нысанды пайдалануға мерзімі – 2018 жыл. Бұған дейін шекара бойындағы тас жолдың 100 шақырымы жөнделеді.

«Аталған автожолда бз алғаш рет жаңа технологияны пайдаландық. Себебі ол ұзаққа шыдайды. Нысанды пайдалануға бергеннен кейінгі кепілдік мерзімі – 5 жыл. Осы уақыт аралығында біз жолды өз есебімізден жөндейміз», - деп атап өтті «Uniserv» ЖШС бас инженері Николай Кандполо.

Жұмыстың барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов тексеріп шықты. Аймақ басшысы жол төсемінің сапасына ерекше көңіл бөлді.

Биыл БҚО-да 230 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Фото:zovzakona.org


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо