Алматыда 2 адамды bmw автокөлігімен қағып өлтірген полицей мас болмаған

Zakon.kz
Ал апатта зардап шеккен тағы бір адам ауруханада жатыр. Ол БМВ-дағы полицейлердің бірі болуы мүмкін.

Сот сараптамасы Алматыда 2 адамды қағып өлтірген полиция қызметкерінің көлікті жүргізгенде мас болмағанын анықтады, деп жазады qazaquni.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Сондай-ақ, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олардың бірі 54 жастағы Жанат Кеңесбаева. Ал екіншісі оның ағасы болған.

Қара жамылған отбасыға туған-туыстары келіп, көңіл айтты. Тіпті апатқа кінәлі полиция қызметкерінің ата-анасы да кешірім сұрап келді. Алайда, оларға марқұмның туыстары кешірім бермек түгілі үйлеріне де кіргізген жоқ. Ал екі адамды қағып өлтірген полицейдің жұмыс орнында да бұл жағдай туралы жақ ашпады.

Тәртіп сақшылары отырған жеңіл көлік көшенің қарсы бағытымен жүйткіп, екі адамды басып кеткен болатын. Қатты соққыдан тіпті бөлшектеніп кеткен марқұмдардың денесін әр жерден жинап алуға тура келді.

Ал апатта зардап шеккен тағы бір адам ауруханада жатыр. Ол БМВ-дағы полицейлердің бірі болуы мүмкін.

“Жол апатынан кейін бізге бас жарақаты және аяғы сынған 1978 жылғы науқас жеткізілді. Айтуынша, соғысқан көліктердің бірінде отырған. Енді оның аяғына ота жасаймыз. Жалпы денсаулығы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Владимир Семенов.

Фото:qazaquni.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученых озадачили башни изо льда, которые "вырастают" посреди пустыни

Безработным будут платить до 125 тысяч тенге в Казахстане: названо условие

Опасное 27 июня: во всем Казахстане объявлено штормовое предупреждение

Подсудимые по делу о взрыве в "Центре плова" отрицают свою вину

Песня казахстанского капитана полиции набрала несколько миллионов просмотров на YouTube