ҚР ИДМ геологияның 100 астам нысанын өткізу бойынша жаңа аукцион жариялады

Zakon.kz
Министрдің айтуы бойынша, «Қазгеология» ұлттық компаниясы салаға 10 ірі инвесторларды жұмылдырды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі кеше ағымдағы жылдың маусымында өтетін жер қойнауын пайдаланудың 101 учаскесін өткізу бойынша жаңа аукцион жариялады, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы барысында. Бұл туралы primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Кеше министрлікпен 101 нысан бойынша жаңа аукцион жарияланды, ол ағымдағы жылдың маусым айында өтеді. Бүгінгі таңда, қатты пайдалы қазбалар бойынша байланыс аймақтарының жалпы аумағы 137 мың шаршы шақырымды құрайды және Қазақстанның жер қойнауының байтақ аумағы мен зор әлеуетін ескере келе, 2020 жылға дейін ірі кең орындарды ашуға үлкен мүмкіндік бар», - деді Ә.Исекешев.

Министрдің айтуы бойынша, «Қазгеология» ұлттық компаниясы салаға 10 ірі инвесторларды жұмылдырды.

Естерінізге сала кетейік, Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібінің 7-ші форумы өтуде. Форумның басты тақырыбы – «Тиімді экономикалық дамудағы тау-кен саласының келешегі мен әлеуеті».

Фото: primeminister.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Димаша Кудайбергена поздравил Пласидо Доминго

В Алматы изменились тарифы на отопление и горячую воду с 1 мая 2026 года

Ливни с грозами обрушатся на Алматы и Шымкент: новый прогноз синоптиков