Павлодарда сапаржайда жұрттың мазасын алған үш такси жүргізүшісіне айыппұл салынды

Фото: zakon.kz
Пойыздардың жолаушылары полицияға шағым түсіріп, жолдан шаршап келгенде жүргізушілердің өздерінің мазасын алатындығын айтқан.

Павлодарда жергілікті полиция қызметі мен көлік прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейд барысында темір жол сапаржайында өз қызметін ұсынып, жұртшылықтың мазасын алған үш такси жүргізүшісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, пойыздардың жолаушылары полицияға шағым түсіріп, жолдан шаршап келгенде жүргізушілердің өздерінің мазасын алатындығын айтқан.

-Бірлескен рейд аясында полицейлер сапаржайға барған кезде бір күннің ішінде қоғамдық орында тұрғындардың мазасын алу бойынша үш фактіні тіркеген. Бұл әрекет үшін заң бойынша бес АЕК, ал, қайталанатын жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немес бес тәулікке дейін қамауға алынады. Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарысыз ақылы тасымалдаумен айналысқан 30-45 жас аралығындағы бес жүргізуші ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Фото:astanafm.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо