Үш айда Алматыға 61 мың мигрант келген

Zakon.kz
Осы мерзім ішінде 4 мыңға жуық тәртіп бұзушыларға айыппұл салынған. Оның жалпы сомасы 41 миллион 665 мың теңгені құрады.

Алматыда мигранттар саны күрт көбейді. Үш айдың ішінде оңтүстік астанаға 61 мың шетелдік келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық, деп жазады Алматы телеарнасы.

Сонымен қатар, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктердің 2500-і әкімшілік, 160-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Осы мерзім ішінде 4 мыңға жуық тәртіп бұзушыларға айыппұл салынған. Оның жалпы сомасы 41 миллион 665 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері Көші-қон заңнамасын бұзған 8 мыңдай азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ішкі мигранттар тарапынан да заңбұзушылық фактілері жетерлік. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Құзырлылар заңбұзушылықты анықтау мақсатында ұйымдасқан кешенді іс-шаралар өткізбек.

"Басқа өңірлерден келіп-кетушілердің саны өте көп. Бірі заңды жолмен нан табамын деп келетін болса, бірі қылмыс жасауға бел буып келеді. Бұл дәлелденген факт. Биылғы жыл басынан бастап Алматы қаласында шетел азаматтарымен 160 қылмыс жасалған болатын. Бұл әдетте мүліктік сипаттағы қылмыстар алаяқтық, тонау, қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты. Абырой болғанда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ",- деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Фото:today.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость