Алматыда учаскелік инспекторлар көмегімен 1800-ге жуық қылмыс ашылды

Zakon.kz
Алматыда қоғамдық көмекшілер қатарына 2941 адам қабылданған. Олардың арқасында 3771 әкімшілік заңбұзушылық пен 19 қылмыстың беті ашылды.

Алматылық жергілікті полиция қызметі үш айлық жұмысын қорытындылады. Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар көмегімен 1800-ге жуық қылмыс ашылған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Сонымен қатар, жол-патрульдік полиция жасағының мобильділігі артып, 1450 қылмыс әшкере болған. Оның 963-і ізі суымай анықталған. Атқарылған шараның арқасында ұрлық 23,4 пайызға, бұзақылық 2,5 есе азайған. Қылмыстың алдын алу бойынша учаскелік инспекторлардың арқасында 19 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 61 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жергілікті полиция өкілдері жыл басынан бері тұрғындармен 490 жиын өткізген. Еске сала кетсек, жергілікті полиция қызметі еліміздің барлық аймақтарында 1 қаңтардан бастап жасақталды. Содан бері тұрғындар мен құқық қорғау органдары бір-біріне демеу болып келеді. Алматыда қоғамдық көмекшілер қатарына 2941 адам қабылданған. Олардың арқасында 3771 әкімшілік заңбұзушылық пен 19 қылмыстың беті ашылды.

Фото: almaty.tv

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов