Айдын Айымбетов 7 мамырға орайластырылған акцияны қолдады

Zakon.kz
«7 мамыр ерік-жігері мықты, қайсар мінезді ер азаматтардың мейрамы болып есептеледі.

Әрбір ер адам жауынгерлік бекетте немесе өзге де жағдайларда ең алдымен, өзінің отбасы және Отаны үшін сенімді тірек, қорғаушы болып келеді. Және әрқайсысы өзінің қажырлы немесе бейбіт қызметімен Қазақстанның егемендігі мен күш-қуатын нығайтады, оның дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосады», - деді Айдын Айымбетов. Әскери ұшқыш, ғарышкер сынаушы, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетов Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қарулы Күштері өткізіп жатқан «Ер – елдің қорғаны» акциясына қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

#kzarmy и #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде өтіп жатқан осынау құттықтау акциясы бүкіл Қазақстанды қамтыды. 500-ге жуық адам барлық әлеуметтік желілерде 7 мамыр символикасы түрінде салынған аквагримі бар өз фотосуреттерін жолдады. Аталмыш акция Қазақстанның танымал блогерлері, журналистері, әйгілі эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Тамара Асар, сондай-ақ ұлтжандылықтарын танытып, Отан қорғаушылар күнімен құттықтағысы келген қарапайым қазақстандықтар арасында да қолдау тапты.

Фото:www.mod.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов