Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 707 млрд теңге игерілді

Zakon.kz
Индустриаландыру және білім беруді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңдері өтті.

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен 707 млрд теңге игерілді, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Осылайша, жалпы былтырғы бюджет бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына байланысты қаржыландырудың екі форматы бойынша 707 млрд теңге игерілді. Оның ішінде 492 млрд теңге бюджет арқылы қаржыландырылған болатын. 80 мың жұмыс орны құрылды, 456 шақырым автомобиль жолы салынды және жөндеуден өтті.

Б.Сұлтанов сондай-ақ 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталғанын айтып өтті. Индустриаландыру және білім беруді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңдері өтті. Сондай-ақ, әр түрлі кезеңдерде жұмыспен қамту, өңірлерді дамыту, Агробизнес-2020 бағдарламалары жүзеге асырылуда.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 74 млрд теңге пайдаланылды, барлық сегіз индикатор бойынша нәтижеге қолжеткізілді, 66 нысан салынды немесе нығайтылды, 745 органдарды трансплантациялау жасалды», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Фото:znaydelo.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана