БҰҰ EgyptAir ұшағының жоғалу себебін түсіндіруді қалайды

Zakon.kz
Әуе кемесінің бортында 66 адам болған. Оның 56-сы – жолаушы, арасында үш сәби бар.

БҰҰ хатшылығы EgyptAir әуе компаниясының А320 жолаушылар ұшағының жоғалып кету оқиғасын жіті назарда ұстап, апат себебін түсіндіруді күтіп отыр. Бұл туралы тілшілерге БҰҰ бас хатшылығының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп жазады Bnews.kz.

«Біз жағдайға қатты алаңдаулымыз және болған оқиғаға түсінік беруді күтіп отырмыз», – деді ол сұрақтарға жауап беру кезінде.

ЕgyptAir әуе компаниясының А320 ұшағы радар бетінен жоғалып кетті. Болжам бойынша, ол Мысырдың әуе кеңістігіне кірер тұста апатқа ұшырап, Жерорта теңізіне құлауы мүмкін.

Әуе кемесінің бортында 66 адам болған. Оның 56-сы – жолаушы, арасында үш сәби бар. ЕgyptAir-дың мәліметі бойынша, ұшақта 12 елдің азаматтары болған.

Фото: egipet.rx24.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Страна незаинтересована": в Азербайджане высказались о сыне Плющенко

Соболенко приняла участие в открытии Недели моды в Милане

Штормовое предупреждение: какие регионы Казахстана в среду накроет непогода

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

Похолодание до +5°С и дожди: какой будет погода в Астане, Алматы и Шымкенте 23-25 сентября