Павлодарлық полицейлер зират қоршауларын ұрлаған адамды ұстады

Zakon.kz
Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.

Лебяжі ауданының полиция қызметкерлері мұсылман зиратындағы қоршауларды ұрламақ болған 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам түнгі уақытта зиратқа барып, темірден жасалған қоршауларды тістеуікпен шешіп, зираттың сыртында жинап отырған.

- Түнгі рейд барысында Жаңатаң ауылының зираты қасынан ВАЗ-2110 автокөлігі көзімізге түсті. Жақындап келе жатқан полицейлерді көрген адам көлікке отырып қашып кетпек болды. ІІД оперативтік басқару орталығынан полиция жасағы көліктің артынан шығып, Павлодар-Семей тас жолында қуып жеткен. Автокөліктің ішінен зілбалға, күрек және тістеуік табылды. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, - деп жазылған хабарламада.

Фото:pavlodarnews.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период