Алматыдағы Фэнтези саябағының басшылығы аттракциондағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Zakon.kz
Электр тоғы жыпылықтай бастағанда арнайы тежегіш автоматты түрде іске қосылады. Адамдар 15 минуттай отырып қалды.

Алматыдағы «Фэнтези» саябағының басшылығы аттракционда болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді. Айта кету керек, кеше саябақтағы «Ромашка» аттракционы әуеде қалықтап тұрып қалған болатын. Ішінде отырған 15 адам 15 минуттай биіктегі орындарда отыруға мәжбүр болды, оларады парк қызметкерлер жерге түсірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Парк директорының орынбасары Анатолий Смирновтың айтуынша, төтенше жағдай электр тогының үзіліп кетуінен болған.

«Аттракцион қауіпсіздік жүйесімен қамтылған. Электр тоғы жыпылықтай бастағанда арнайы тежегіш автоматты түрде іске қосылады. Адамдар 15 минуттай отырып қалды. Біз олардың басы төмен салбырап, аяғы жоғары қарап қалмауын қадағаладық. Сосын жерге өз күшімізбен түсіріп алдық. Аттракцион қазір штаттық режімде жұмыс жасап тұр», - деді А.Смирнов.

Оның айтуынша, олардың арасында балалар болған жоқ. Бұл аттракционға бойы 1 метр 40 см-ден асатын адамдар ғана жіберіледі.

Гүлмира Ғосманәли

Фото: zoon.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов