Ақмола облысының екі тұрғыны Астана көшелеріндегі шамдарды ұрлағаны үшін ұсталды

Zakon.kz
Күдіктілер жалпы соммасы бір миллион теңгеге жуық 50 жарықтандыру құралдарын (шам) ұрлаған.

Ақмола облысының екі тұрғыны Астана көшелеріндегі шамдарды ұрлағаны үшін ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 23 және 29 жастағы Ақмола облысының екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер Құсмұрын-Тарбағатай көшелерінің қиылысындағы алаңда көшені жарықтандыратын шамдарды ұрлап кеткен», - делінген хабарламада.

Жарықтандыратын құралдардарды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде.

Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер алаң аумағында көріктендіру жұмыстарымен (қиық тастарды төсеген) айналысқан уақытта қаскүнемдік арқылы қосымша қаржы табу ойға келген. Күдіктілер жалпы соммасы бір миллион теңгеге жуық 50 жарықтандыру құралдарын (шам) ұрлаған. Қазіргі уақытта полицейлер түрлі-түсті металлдарды қабылдайтын пункттерге тапсырылған 47 шамды тәркіледі.

Оған қоса, полицейлер ұсталған күдіктілердің осыған дейінгі басқа да қылмыстарға қатысын анықтауда.

Фото: enigma-project.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года