Павлодар облысында орманшылар қырда өрт қойған мектеп оқушыларын қолға түсірді

Zakon.kz
Жеткіншектердің төртеуі Ақсу қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде, біреуі №4 мектепте білім алады.

Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылдық округінде орманшылар өрт қойып жүрген бес адамды қолға түсірді. Олардың барлығы - 8-9 сыныптың оқушылары, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов хабарлады.

- Кеше Евгеньевка ауылдық округінде тағы бір өрт орын алды. Кешкі сағат 17.00 шамасында орманшы тұтанған оттың маңынан балаларды ұстап алды. Жеткіншектердің төртеуі Ақсу қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде, біреуі №4 мектепте білім алады. Олар мемлекеттік орман қорғау мекемесі мен Евгеньевка ауылдық округіне шығын келтірді. Бұзақыларды полицияға тапсырдық. Тілсіз жауды ауыздықтауға сол маңдағы шаруа қожалықтары мен ауыл әкімі Толқын Бейсенбаева да атсалысты, - деді А. Жүсіпов.

Мекеме директорының айтуынша, өрт сөндіру барысында қажетті мекемелерді аяғынан тік тұрғызып, белсенділік танытқаны үшін орманшылардың атынан Евгеньевка ауылдық округінің әкімі Толқын Бейсенбаеваға алғыс хат дайындалуда.

Абзал Қабдраш

Фото: domkontakt.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов