ЕАЭО елдері 2016-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың бағыттарын бекітті

Фото: zakon.kz
Мәлім болғандай кеңестің келесі отырысы ағымдағы жылдың желтоқсанында Мәскеуде өтеді.

Аталған құжат дағдарысқа қарсы болып табылады және экономикалық елдердің алдында тұрған маңызды қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді анықтайды, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Отырыста одақ елдерінің президенттері 2016-2017 жылдарға арналған ЕАЭО мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын бекітті. Ол елдердің экономикаларының алдында тұрған маңызды қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді анықтайды», - деді Т.Саркисян бүгін республика елордасында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша.

Ол макроэкономикалық саясат аясындағы жұмысты үйлестіруді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жүргізетінін түсіндірді.

Сонымен бірге, Т.Саркисян ЖЕЭК отырысы барысында мемлекеттер басшылары ЕАЭО жаңа көмекші органын құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Бүгінгі отырыста ЕАЭО-тың, атап айтқанда, одаққа мүше елдердегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы құзіретті органдар басшыларының кеңесінің жаңа көмекші органын құру туралы шешім қабылданды. Кеңес ЕАЭО елдеріне келісілген саясаттың іс-шараларын жүзеге асыруға, құзіретті органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруге жан-жақты жәрдемдесу мақсатында құрылған», - деді ЕЭК алқасының төрағасы.

Мәлім болғандай кеңестің келесі отырысы ағымдағы жылдың желтоқсанында Мәскеуде өтеді.

Фото:astanafm.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Гигантские плотины и озеро в пустыне: Саудовская Аравия замахнулась на невозможное

Баян Алагузова решила судьбу камзола из "Қыз Жібек" и подарила Меруерт Утекешевой шубу, серьги, квартиру

Рыбак установил новый рекорд, поймав карпа-гиганта

Елена Рыбакина узнала первую соперницу на престижном турнире в Риме

"Точка невозврата" пройдена: крупный город США уйдет под воду