Қазақстанда мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5 пайызға өсті

Zakon.kz
Құс етіне баға деңгейі 11,5%, шұжық өнімдеріне - 8,9%, сиыр етіне - 4,3%, шошқа етіне - 2,7%, қой етіне - 2%, жылқы етіне - 1,2%-ға жоғары болды.

Қазақстанда мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5 пайызға өсті, деп хабарлады "Қазақстан" ҰТА, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«2016 жылғы мамырда 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 45%, жармаларға - 33%, кофе, шай және какаоға - 28,5%, май және тоң майға - 27,8%, нанға - 22,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 21,9%, кондитерлік өнімдерге - 20,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 17%, макарон өнімдеріне - 15%, жемістер мен көкөністерге - 11,5%, алкогольді ішімдіктерге - 11%, ұнға - 9,4%, сүт өнімдеріне - 7,9%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,8%-ды құрады. Құс етіне баға деңгейі 11,5%, шұжық өнімдеріне - 8,9%, сиыр етіне - 4,3%, шошқа етіне - 2,7%, қой етіне - 2%, жылқы етіне - 1,2%-ға жоғары болды.

Фото: www.qazaquni.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо