Қостанай тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзгеге жала жапқаны үшін сотталды

Zakon.kz
Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған

32 жастағы Қостанай тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісінде өзіне жала жапқан танысын жазаға тартылуына қол жеткізді, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған, - деп хабарлады Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі. - Қала тұрғындарын Б-ға сенбеуге үгіттеген А. оның фотосуретін де желіге салған».

Сот отырысы барысында азаматша Б-ның алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығының дәлелі табылмаған. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азаматша А. ҚР ҚК-нің 130 бабы 2 бөлігі бойынша (жала жабу) айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Облыстық сотта қалалық соттың үкім өзгертілмей, сотталушының оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шағымы қанағаттандырылмады.

Фото: news.ivest.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Выяснилось, сколько заработала Рыбакина за выход в финал турнира в Нинбо

Утреннее столкновение в Алматы: пострадавшие есть, кто был за рулем – неизвестно

Трем пассажиркам одновременно стало плохо на рейсе Алматы – Астана: кто спас их в небе

Опубликовано штормовое предупреждение на 25 октября