Қашағандағы мұнай өндіру 2016 жылдың соңына дейін 35 мың тонна деңгейде болады

Zakon.kz
Мұнай өндіру жоспары 2016 жылы - 11,6 млн тонна, газ өндіру - 17,5 млрд текше метр.

Қашағандағы мұнай өндіру көлемі ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 35 мың тоннаны құрауы мүмкін, деп мәлімдеді бүгін халықпен есептік кездесу барысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

«Алдында жоспарлағандай 2016 жылдың соңында Қашаған кен орнын іске қосу күтілуде. Желтоқсан айында Қашағандағы бастапқы өндіру көлемі шамамен 35 мың тонна болады деп болжанып отыр», - деді Қ.Бозымбаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда сондай-ақ «көмірсутектерді тұрақты өндіру кезеңін ұзарту үшін газ айдау көлемін арттырумен Қарашығанақ кен орнын одан әрі дамыту тұжырымдамасы қаралуда».

«Мердігермен бірге елдің табыстарын барынша арттыру мақсатында тұжырымдаманы оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша шешім 2017 жылы, ал жаңа нысандарды пайдалануға беру 2022 жылы күтілуде. Нысан 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның мәліметінше, Қарашығанақтағы мұнай өндіру жоспары 2016 жылы - 11,6 млн тонна, газ өндіру - 17,5 млрд текше метр.

Фото: liter.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию