Таяу екі жылда Қазақстандағы 70 елді мекенге газ тартылады - Энергетика министрлігі

Zakon.kz
Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған.

Республикада 2015 жылы 45,3 млрд текше метр газ алынды, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев халықпен есептік кездесуі барысында.

«Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы бұл сала дамуға бет алды. 45,3 млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрап, ағымдағы жоспардан 5%-ға асып түсті», - деді Қ.Бозымбаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Оның айтуынша, елімізді газдандыру - басты стратегиялық бағыт. Жалпы, оның айтуынша, былтырғы көрсеткішке сәйкес

Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған.

«2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 70 елді мекен газбен қамтылады. 2016-2020 жылдар аралығында елді газдандыру үшін «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы аламыз. Осылайша, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 14 ірі елді мекенді газбен қамти аламыз. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бір желісі іске қосылған. Жоба толық қуаттылыққа көшке соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекені газбен қамтылады. Сонымен қатар, Қытайға газ экспорттай аламыз», - деп хабарлады министр.

Фото: rg.ru

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану