Қытай Ақтөбеде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Zakon.kz
Қытай Ақтөбедегі қарулы қақтығыста қаза тапқандардың жанұяларына, сонымен қатар жарақаттанғандарға көңіл айтты.
Қытай Ақтөбедегі лаңкестік акт құрбандарының жақындарына көңіл айтып, Қазақстанды терроризммен күрес жолында қолдайды, деп хабарлады Қазақпарат ХАА, ҚХР СІМ ресми өкілі Хун Лэйге (Hong Lei) сілтеме жасап.

"Қытай Ақтөбедегі қарулы қақтығыста қаза тапқандардың жанұяларына, сонымен қатар жарақаттанғандарға көңіл айтты. Қытай терроризмге қарсы, сонымен қатар ол терроризммен күрес жолында және ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстанның үкіметін қолдайды. Біз терроризммен күрес және өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз", — деді ол.

5 маусым күні Ақтөбеде бірнеше адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Нәтижесінде, 6 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды. 13 қылмыскер қаза тапты.

Фото:inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч