Маусым айында Қазақстанда көп қабатты үйлердің терезесінен 5 бала құлады

Zakon.kz
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балалардың қатысуымен жазатайым оқиғалардың өсуіне байланысты дабыл қағып отыр.
«Маусымның тек алғашқы 7 күнінде көп қабатты үйлердің терезесінен кішкентай балалардың құлауының 5 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде екеуі Астанада орын алса, Талдықорған, Қостанай және Теміртау қалаларының әрқайсысында бір оқиғадан болды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Балалар түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жатқызылды. Жалпы, жыл басынан бері көп қабатты үйлерден құлағандығы жөнінде 20 оқиға тіркелді»,-делінген хабарламада.

ТЖ жөніндегі комитет өкілдері аталған қайғылы оқиғалар ата-аналардың тиісті деңгейде балаларын қарамауынан болып отырғанын айтуда. Осы ретте құтқарушылар ата-аналарды сәбилерді жіті назарда ұстап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Құтқарушылар пәтерде кішкентай балалар болған жағдайда терезелерді ашық қалдырмау жайында, терезелердің алдынан жиһаздардың барлық түрлер алып тастау, баланы қараусыз қалдырмау туралы ескерту жасауда. Осыған байланысты ТЖК мамандары терезенің айқара ашылуына жол бермейтін арнайы бекіткіштерді орнату ұсынысын жасап отыр.

Руслан Ғаббасов

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Правила эксплуатации приборов учета воды изменились в Казахстане