А.Есімов пен Г.Головкин ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылған бокс өткізу жайын талқылады

Zakon.kz
Ұлттық компания басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмысы үшін спортшыға алғыс білдірді.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушылар кеңсесінде Ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Ұлттық компания басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілету бағытында атқарып жатқан жұмысы үшін спортшыға алғыс білдірді.

«ЭКСПО-да Сіздің тамаша спорттық мансабыңызға екі есе ынтызарлықпен қадағалап отырады. Біріншіден, біз сізді еліміздің мақтанышы санаймыз. Екіншіден, Көрмені әлемге танытуға ықылас танытқаныңызға шексіз қуаныштымыз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Геннадий Головкин Көрме тақырыбының маңыздылығын жеткізу барысында барлық күш-жігерін салатындығын айтты.

«Мен үшін ЭКСПО-2017-нің ресми елшісі болу әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір ауқымды жобалардың бірін таныстыру үлкен мәртебе», - деді Г.Головкин.

Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстанда ірі бокс-ивентті өткізуді әрі бұл спорттық шараны «Астана ЭКСПО-2017»-ге орайластыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц