ОҚО Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады

Zakon.kz
Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірлігіне етті экспорттау бойынша келіссөздер 5 айдан астам уақыт ішінде жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасынан бірінші болып Біріккен Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таяуда Шымкент халықаралық әуежайынан 1 мың бас ұсақ мал Фуджейра (БАӘ) қаласына жеткізілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жұмыстардың экспорттаушысы «Қайып ата» компаниясы.

Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірлігіне етті экспорттау бойынша келіссөздер 5 айдан астам уақыт ішінде жүргізілді.

Келісімшарт аясында осы жылдың тамыз айына дейін жергілікті кәсіпкерлер БАӘ-ге 60 мың бас ұсақ мал жеткізетін болады.

Сонымен қатар, осы бағыттағы келіссөздер Сауд Арабиясы, Иран және Ирак мемлекеттерімен жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,5 мың тонна етті экспортқа жөнелту жоспарланған.

Ет экспортын дамыту облыстың мал шаруашылығы саласына жаңа серпіліс беріп, ауылдың кәсібі мен нәсібін көбейтетіні анық. Бұл бағыттағы жүйелі мәселелерді шешу мақсатында уақ мал мен ірі қара мал өсіру бойынша арнайы кооперация құрылатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды