Павлодарда дағдарыс орталығына келетін әйелдердің саны екі есеге көбейген

Zakon.kz
Жалпы республика бойынша аталмыш орталықтардың саны - 26. Қазіргі уақытта орталықта тұратын әйелдедің жасы 18-34 аралығында.

Павлодарда «Ана үйі» дағдарыс орталығына келетін әйелдердің саны екі есеге көбейген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында орталықтың үйлестірушісі Әсел Әбішева мәлім етті. Айта кетерлігі, желтоқсан айында дағдарыс орталығы екінші Павлодардағы бір қабатты ғимараттан, Катаев көшесі, 76 мекенжайындағы екі қабатты үйге көшкен. Себебі бұрынғы үй 12 адамға ғана есептелген. Ал көмекке мұқтаж жандардың саны азаймай, керісінше көбейіп келеді.

- Тамыз айында орталықтың ашылғанына екі жыл толады. Осы уақыттың ішінде осында 42 әйел тұрған. Өткен жылы баласымен сегіз ана және екі аяғы ауыр келіншек келсе, биыл олардың саны 18-ге дейін өскен. Қазір орталықта баласымен тұратын 15 әйел мен үш болашақ ана паналап отыр. Мамыр айында орталыққа жаңа туған бөбектерімен бес ананы қабылдадық. Бізге көмекке жүгінетін әйелдердің көбі басынан түрлі жағдайларды өткерген. Тіпті, 16 жастағы қыз келіп тұрған жағдай да болды. Ол кезде бойжеткен жүктіліктің үшінші айында болған. Анасы қызының жағдайын білген соң үйіне кірбізгей қойған. Біз қыздың анасымен сөйлесіп, барлығын түсіндірдік. Осылайша бірнеше айдан соң, анасы қызын үйіне алып кеткен. Орталықта жүрген әйелдер бос отырмайды. Оларды іс тігуге, тамақ дайындауға үйретеміз. Әйелдердің төртеуі іс тігу машинасында жұмыс істеуді жетік меңгерген. Ережеге сәйкес, орталықта тұруға 1,5 жыл ғана рұқсат беріледі. Сондықтан кейбір әйелдер күйеулерімен татуласса, енді бірі қайтадан күйеуге шығады. Ал, қалғандары бірігіп, пәтер жалдап тұрады, - деді Әсел Әбішева.

Үйлестірушінің айтуынша, жалпы республика бойынша аталмыш орталықтардың саны - 26. Қазіргі уақытта орталықта тұратын әйелдедің жасы 18-34 аралығында.

Назым Қарабаева

Фото: www.uralskweek.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц