Алматы облысында көлікте өртеніп кеткен балаларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде

Zakon.kz
Көбейхан Нұрахмет көлікте болған 3 жасар балалардың жақын туыс екенін растаған жоқ.

Талғар қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің ішінде екі бала тірідей жанып кеткенін кеше хабарлаған едік. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу амалдарын жүргізуде. Өрттің неден шыққаны арнайы сараптамадан кейін белгілі болмақ. Бұл туралы BNews.kz, Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметтің берген ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

«Талғар полициясы «Volkswagen Golf» көлігінің ішінде өртеніп кеткен екі баланың өліміне қатысты тергеу жүргізуде. Бүгінде сараптама жұмыстары тағайындалды. Содан кейін ғана өрттің неден шыққанын анықтауға болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Көбейхан Нұрахмет көлікте болған 3 жасар балалардың жақын туыс екенін растаған жоқ.

«Ол жағын нақты білмеймін. Кім білсін?», - деді тілшіге Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусым күні таңертең Талғар қаласында жекеменшік үйлердің бірінің ауласында тұрған көлік өртеніп кеткен. Сол кезде оның ішінде 3 жастағы екі ұл бала болған. Олар оқиға орнында қаза тапты.

Фото: alashinform.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматинская область
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Туман, снег и сильный ветер: штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов Казахстана

"С 1 апреля – полное отключение": КГД напомнил предпринимателям о переходе ККМ на новый протокол

Долгожданное потепление ожидается в Алматы: погода на неделю

Казахстанцев снова порадовали из космоса

Михаил Шайдоров обратился к чемпиону Паралимпиады Ерболу Хамитову