Екібастұзда 27 жастағы келіншек ер адамды пышақтап, ауласына тастап кеткен

Zakon.kz
Ер адам мен ұсталған азаматша ішімдік ішіп отырып, араларында жанжал туындаған.

Екібастұз қаласы Солнечный кенті бөлімшесіндегі кезекшілік бөліміне подъезде жараланған ер адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты 27 жастағы кент тұрғыны құрықталған.

-Ер адам мен ұсталған азаматша ішімдік ішіп отырып, араларында жанжал туындаған. Нәтижесінде әйел адам шөлмектесіне пышақ сұғып алған. Бұдан әрі ол марқұмды пәтерден сүйретіп шығарып, ауласына тастап кеткен. Ауыл тұрғыны алған жарақаттар салдарынан көз жұмған. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, - деп жазылған хабарламада.

Фото: www.spb.kp.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч