ОҚО-да полицейлер көлік ұрлығына күдікті 21 жастағы тұрғынды құрықтады

Zakon.kz
Тергеу барысында 21 жастағы күдікті азаматтың 2016 жылы ақпан айында болған 4 автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды.

ОҚО ІІД Facebook-парақшасы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби АІІБ-нің полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында жергілікті тұрғындардың автокөлігін ұрлаған 1995 жылы туған Төлеби ауданының тұрғынын құрықтады. Бұл туралы ОҚО Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап 24.kz арнасы жазады.

Тергеу барысында 21 жастағы күдікті азаматтың 2016 жылы ақпан айында болған 4 автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды. Жас азамат аулада, үй маңында көліктерінің есіктерін ашық қалдырып кеткен автокөлік иелерінің жауапсыздығын пайдаланып, ұрлап отырған. Сонымен, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні сағат 22:00-де шамасында Төлеби ауданы, Сұлтан-Рабат елді мекенінде мас күйіндегі күдікті 27 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің алдына есігін ашық, қозғалтқышын қосулы күйде қойған, бағасы 700 мың теңге тұратын «Опель-Астра» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Одан соң жас жігіт біраз жүріп барып ұрланған көлікті жолда тастап, оқиға орнынан бойын тасалаған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің Төлеби ауданында орын алған 5 автокөлік ұрлығына қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде тәркіленген автокөлік өз иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: ria.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом