«Рахат» акционерлік қоғамы «Халал» талаптарына сәйкес өнімдерді шығару құқығына ие болды

Zakon.kz
Пайдаланылатын шикізатты «Халал» талаптарына сәйкес келетін шикізатқа ауыстыру арқылы келешекте кондитерлік өнімдер тізбесін кеңейту көзделген.

«Рахат» компаниясы тексеруден сәтті өтіп, «Halal Services Aliance» (HSA) басшылығымен белгілі бір өнім түрлерін шығаруға мүмкіндік беретін «Халал» сертификатын алды.

«Халал» сертификатын алу үшін компания ұжымы ұзақ уақыт, тынбай жұмыс істеді. Сертификаттау орталығының сарапшылары өндірістің барлық кезеңімен танысып, кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізаттар пен құрауыштардың құжаттамаларына талдау жасады.

Кәсіпорын қызметкерлері «Халал» талаптары бойынша оқытылып, «Халал» стандарттарына сәйкес келетін өнім өндіру ерекшеліктерімен танысқан болатын. Барлық іс-шаралар атқарылғаннан кейін, қазіргі кезде сертификатқа енгізілген өнімдер - арасына шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафли, сондай-ақ шоколад өндірілетін жартылай дайын өнімдер кіретін «Рахат» АҚ өнімдерінің 122 түрі белгіленді.

Пайдаланылатын шикізатты «Халал» талаптарына сәйкес келетін шикізатқа ауыстыру арқылы келешекте кондитерлік өнімдер тізбесін кеңейту көзделген.

«Рахат» АҚ-ның жоғары сапалы өнім өндіруші ретіндегі беделі Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Түрікменстан елдерінің тұтынушылары арасында бұрыннан орныққан еді. Сертификаттың болуы аталған елдердегі өнімдерді сату көлемінің артуына ықпал етіп, келешекте Иран мен Пәкістанның жаңа нарығын игеруге жол ашады.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

До +10°C: весна возвращается в Казахстан

"Здесь мой центр земли – Алма-Ата": легендарный композитор Александр Зацепин отмечает 100-летие

В КНБ отреагировали на фото с "задержанием сотрудника ДЭР"

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

У МВД появилась новая функция