Жасұлан Қыдырбаев спорттан сегіз жылға шеттетілді

Zakon.kz
Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен Әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер - Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын.

Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен Әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.

Фото: sk-sport.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Зима возвращается: сильные морозы до -18°С и снегопады вновь обрушатся на Казахстан

Почему из крупнейшего водохранилища Казахстана сбросят 6,3 млрд кубометров воды

Земли бывшего Семипалатинского ядерного полигона перевели в состав земель запаса

В Казахстане водителей начали массово проверять по базам данных

"Да, мы разные, но мы вместе": как русский и казашка построили многодетную семью