Қызылордада жетім балаларға жәрдемақы берілмей келген

Zakon.kz
Балабақша меңгерушісі тіркелген 39 бүлдіршіннің санын 60 деп көрсетіп, қаржы жымқырып отырған.

Қызылордада жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 82 бала жәрдемақы алмай келген. Қалалық білім бөлімі жасөспірімдерге тиесілі 1 млн 600 мың теңгеден астам қаржыны өтеуге асықпаған, деп жазады 24.kz арнасы.

Ал Жалағаш ауданындағы балабақша меңгерушісі тіркелген 39 бүлдіршіннің санын 60 деп көрсетіп, қаржы жымқырып отырған. Бөбекжайдағы астыртын әрекетті әшкерелеген құзырлы орган өкілдері жыл басынан бері кәмелетке толмаған 3 мыңнан астам баланың конституциялық құқығы қорғалғанын айтады.

Манарбек Ерназаров, облыстық прокуратура басқармасының басшысы:

- Ұлттық қордан бөлінген 750 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын ысырап еткен фактісі құжатталған. Осы факт бойынша кінәлі тұлға тиісті жауапкершілікке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық залалы толығымен өтелді.

Фото: zanmedia.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Семья за сутки перебрала 10 тонн мусора в поисках выброшенного золота

Долгожданное потепление до +17°С, снег и туман: что ждет Астану, Алматы и Шымкент 16-18 марта

Елена Рыбакина уступила Арине Соболенко в напряженном финале WTA 1000

Фильм Тимура Бекмамбетова и дочь Сильвестра Сталлоне назвали худшими в Голливуде

Первая ракетка Казахстана уступила в финале американского турнира WTA 1000