Сенат осы сессиядағы өз жұмысын аяқтады

Zakon.kz
Жалпы алғанда жылдың басынан бері Парламентте 73 заң қабылданды.

Бүгін Парламент Сенатының ағымдағы жылғы сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті. Жиынды қорытындылаған Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы орган ретінде палатаның Үкіметпен бірлесіп, қоғам өмірін түбегейлі жаңғыртатын бағдарламаларды толығымен қамтамасыз етіп келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

«Сессия барысында палатаның заң шығармашылық жұмысы нәтижелі болды. Елбасының стратегиялық реформаларын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға қажетті заңдар дер кезінде қабылданды. Сенат ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларында Мәжілістің жаңа құрамы жасақталғанға дейінгі уақыт ішінде Парламенттің заң қабылдау функциясын ойдағыдай орындап шықты. Осы кезеңде жоғары палата еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті 57 заң жобасын мұқият пысықтап қабылдады. Жалпы алғанда жылдың басынан бері Парламентте 73 заң қабылданды», деді Қ. Тоқаев.

Фото: astanatimes.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость