Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Zakon.kz
Тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге және мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырамыз, делінген хабарламада.

Астана қаласының ІІД мәліметінше, қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі сақталады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады

«Террористік қауіптің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда сақталатын тәртіп бойынша ұсыныстар. - құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер; - қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар; - сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар; - айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер; - ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар. Тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге және мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске сала кеткеніміз жөн. Күмәнді заттарды анықтаған жағдайда дереу 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлері бойынша Астана қаласының ІІД кезекшілік бөліміне хабарласыңыздар», - делінген сайт мәтінінде.

Фото: astana.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила