Наиб мүфти: Қазақстанға қажылыққа үш мың квота бөлінді

Zakon.kz
Жиында турфирмалардың сапар барысында қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, бірнеше талаптар қойылды.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық конкурсының іріктеуінен өткен компания басшыларымен өткен жиналыста айтты, деп жазады zakon.kz, ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Басқосу барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ қажылық бөлімінің жаңа басшысы Бейбіт Мырзагелдиевпен таныстырып, биылғы қажылық маусымында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

«Биыл Қазақстанға қажылыққа үш мың квота бөлінді. Қажылық қызметі елімізде жылдан жылға жолға қойылып келе жатыр. Қызмет көрсету сапасы да артуда. Биылда еліміздің қажыларына Flynas әуекомпаниясы толықтай қызмет көрсетеді. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тікелей рейс арқылы ұшатын болады», – деді Серікбай қажы Ораз.

Жиында турфирмалардың сапар барысында қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, бірнеше талаптар қойылды. Сондай-ақ, Бейбіт Мырзагелдиев миссия жұмысы туралы мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы мәлімдеді.

Фото: inform.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Казахстанка разозлилась на объявления КСК и отсудила компенсацию

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

"Чемпионы отдыхают": Михаил Шайдоров засветился с девушкой на Мальдивах

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление