Шыңнан құлаған альпинист кәсіби құтқарушы болған - ШҚО ТЖД

Zakon.kz
Жүздеген апаттық-құтқару жұмыстарының бел ортасында болған Алмас бірнеше рет жыл сайынғы «Қазқұтқару» жиын-семинарына қатысқан еді.

Өскеменде шыңнан құлаған құтқарушының өлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, еңбек инспекторлары мен ТЖД өкілдерінен құрылған арнайы комиссия жұмыс істеуде, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа телефон арқылы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

21 шілдеде орын алған қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. ТЖД алдын ала нұсқасы бойынша, «адам факторы әсер етуі мүмкін».

ТЖД түсіндіргендей, жыл сайынғы «Қазқұтқару» жарыстарына дайындық кезінде ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ мамандандырылған жасағының құтқарушылардың аға нұсқаушысы Мұсақанов Алмас құздан құлап, алынған жарақаттар салдарынан көз жұмды.

35 жастағы Алмас 2007 жылдың наурызынан өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеп келді. Қызметі кезінде өзін білікті маман ретінде көрсеткен.

Жүздеген апаттық-құтқару жұмыстарының бел ортасында болған Алмас бірнеше рет жыл сайынғы «Қазқұтқару» жиын-семинарына қатысқан еді.

Фото: www.stihi.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо