Қостанай облысындағы жол апатына байланысты жедел желі жұмысын жалғастыруда

Zakon.kz
Ресейден келе жатқан жолаушылар автобусында, екі жүргізушіні қоса есептегенде, 46 адам болған.

27 шілдеде сағат 18:00-де Қостанай облысының Қарабалық ауданында Алматы-Екатеринбург тасжолында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты, деп жазады 24.kz арнасы.

Ресейден келе жатқан жолаушылар автобусында, екі жүргізушіні қоса есептегенде, 46 адам болған. ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты, оның ішінде 12 жасар қыз бала да бар. Сонымен қатар 31 адам жарақат алса, олардың екеуі бала, 28-і жолаушы, 2 автобус жүргізушісі мен 1 жүк көлігінің жүргізушісі. Ал 37 адам оқиға орнынан эвакуацияланды.

ЖКО-дан қаза тапқандардың туған-туыстары мен зардап шеккендерге психолог мамандар қолдау көрсетуде. Жедел желіге 41 телефон қоңырауы келіп түскен. Көз жұмғандар арасында ҚР-ның 3 азаматы, РФ-ның 2 азаматы бар, тағы бір азаматтың жеке тұлғасы анықталуда.

Фото: 24.kz


Астана
Актау
Актобе
Алматы
Костанайская область
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды