Шетел азаматтарын заңсыз өткізбек болған пойыз жолсерігі ұсталды

Zakon.kz
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 394 бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2 тамыз күні Түркістан стансасының желілік полиция бөлімі және Арыс көлік прокуратурасының қызметкерлері бірлесе жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында «Уфа-Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызы жолсерігінің Өзбекстан Республикасының үш азаматын Қазақстан аумағы арқылы заңсыз өткізбек болғаны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Теміржол мекемесінің 27 жастағы қызметкері Өзбекстанның үш азаматын пойыз вагонында Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясының Мелуз стансасынан Өзбекстан Республикасының Ташкент стансасына дейін жеткізбек болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 394 бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 42 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан, соның ішінде заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша 6 факт анықталған.

Фото: pavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты