Жамбыл облысындағы өрт сөндіру бөлімдері үшін өзен пирстары салынады

Zakon.kz
Өзен маңында орналасқан елді мекендерде тағы бірнеше пирс салу жоспарланған.

Жуалы ауданында өрт бөлімдерінің қажеттілігі үшін жергілікті билік өзен пирстарын салуда. Бұл жайында Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Сумен жабдықтау және өрт гидранттары өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысына ең қажетті дүние», - деді облыстық ТЖД Жуалы аудандық өрт сөндіру қызметі ӨБ-7 жетекшісі, азаматтық қорғаныс подполковнигі Кеңесбек Әбдірайымов. - Жуалы аудандық №7 өрт бөлімінің басшылығы аудан әкімдігіне барып, өрт техникасын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын анағұрлым жеңілдететін пирс құрылысына орын мен қаражат бөлінуін сұрады. Қарасаз ауылдық округіндегі Шақпақ өзені маңынан орын бөлінді, өрт автокөліктерін сумен толтыратын пирс биыл тұрғызылды».

К.Әбдірайымов халық қауіпсіздігіне қолдау көрсеткен аудан әкімдігінің басшылығының ӨБ-7 қызметкерлерінің үлкен алғысын жеткізді.

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, аймақта Жуалы ауданындағы Боралдай өзенінде және Байзақ ауданындағы Талас өзеніне пирс тұрғызылған. Өзен маңында орналасқан елді мекендерде тағы бірнеше пирс салу жоспарланған.

Фото: www.standart-wood.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды