Павлодарда 27 жастағы банк қызметкері клиенттердің есепшотынан өзіне заңсыз ақша аударған

Zakon.kz
Ақшасын шешіп алуға болатын клиентті іздеп табу үшін күдікті банктерді аралаған. 2016 жылы мамыр айының соңында ол кассадан ер адамның ірі көлемде ақша алып тұрғанын көрген.
Павлодарда 27 жастағы банк менеджері клиенттердің есепшотынан заңсыз 800 мың теңгені өзіне аударған. Ол банкте азаматтардың несие бойынша қарыздарын өндіру қызметімен айналысқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының ІІБ орталық бөлімшесінің қызметкерлері банк филиалдарының бірінде жігіттің ақша ұрлаумен айналысқанын анықтаған.
- Ақшасын шешіп алуға болатын клиентті іздеп табу үшін күдікті банктерді аралаған. 2016 жылы мамыр айының соңында ол кассадан ер адамның ірі көлемде ақша алып тұрғанын көрген. Клиент туралы мәліметті естіп алғаннан кейін менеджер жұмысына келген де салық комитетінің сайты арқылы ол туралы ақпарат жинай бастаған. Толық мәліметке қол жеткізген соң, қаскүнем танысынан өзіне абоненттік нөмір рәсімдеуді өтінген. Бұдан кейін тоғыз сим карта сатып алып, "Интернет банкинг" қызметін қосқан, - деді Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ол банктің сайтына есепшотында үш миллион теңгесі бар клиент туралы мәліметті енгізген. Бұдан кейін 11-19 шілде аралығында сатып алған тоғыз нөмірге ақша шешіп алып, қаржыны букмекерлік кеңседе ашылған есепшотына аударып отырған.
Ақшаның жоғалғаны туралы клиент есепшотын тексергенде ғана білген. Осы жоспар бойынша алаяқ сол банктің филиалынан тағы бір клиенттің дипозиттік есебінен 13500 теңге жымқырған.
Фото: pavlodarnews.kz.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану