Шымкентте психоневрологиялық интернаттан өрт шықты

Zakon.kz
Суыт хабар түскен сәтте оқиға орнына 10 арнайы техника мен 67 өрт сөндіруші бірден аттанады. Олар отты өршітпей, аз уақытта жалынды ауыздықтап үлгерген.

Шымкентте әлеуметтік мекеме өртке оранды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, жұма күні кешке Абай көшесінде орналасқан психоневрологиялық интернаттан өрт шыққан, деп хабарлайды otyrar.kz.

Суыт хабар түскен сәтте оқиға орнына 10 арнайы техника мен 67 өрт сөндіруші бірден аттанады. Олар отты өршітпей, аз уақытта жалынды ауыздықтап үлгерген. Қауіпсіздік шаралары үшін жолды жауып, интернат қызметкерлері сыртқа шығарылып, оқшауландырылыпты. Анықталғандай, қызыл жалын жалпы аумақтың 10 шаршы мерт жерін шарпыған.

Бір қызығы, мекеме өкілдері телеарнаның түсіру тобын оқиға орнына кіргізбеуге тырысты. Мұндай кезде азаматтардың қауіпсіздігін қарастыруға тиіс жауаптылар камерамен алысып, әлекке түсті. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

«Өртті ауыздықтау кезінде 270 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын толықтай сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», дейді ОҚО ТЖД-нің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Фото: otyrar.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц