Павлодарда тағы бір адам судан ажал құшты

Zakon.kz
1986 жылы туған жігіт шомылуға арналмаған жерде суға батып кетті.

Павлодарда Усолка өзенінде тағы бір адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға кеше сағат 15.05-те орын алған.

- 1986 жылы туған жігіт шомылуға арналмаған жерде суға батып кетті. Сағат 17.00-де ТЖД-нің жедел құтқару тобы жігіттің денесін жағаға шығырып алды, - деді баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетсек, 8 тамыз күні дәл осы өзенде 28 жастағы ер адам көпірден секіріп, қаза тапқан. Сүңгуірлер оның денесін келесі күні оқиға орынан 200 метр жерден тапты. Ведомство ақпараты бойынша жыл басынан бері суда ажал құшудың 17 оқиғасы тіркелген.

Көбінесе мұндай жағдай қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан және ішімдік ішкеннен орын алады.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды