Павлодар қаласында жұмыссыздар саны артқан

Zakon.kz
Қаланың еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға өскен.

Павлодарда 2016 жылы алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жұмыссыздардың саны артты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұржан Әшімбетов депутаттар мен қоғам белсенділерінің алдында есеп беру барысында мәлім етті.

- Биыл жұмыспен қамту орталығына 4354 адам өтініш жазған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1155-ке артық. Сонымен қатар, 2015 жылы 2516 адам жұмысқа орналастырылса, биыл 1520 тұрғын ғана еңбекпен қамтылған. Бұған қоса, өткен жылы 2260 жаңа жұмыс орны ашылса, биыл бұл көрсеткіш 1474-ті құрады. Сондықтан осы бағытта жұмысты қолға алу керек, - деді Нұржан Әшімбетов.

Айта кетерлігі, қаланың еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға өскен. Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімінде 1589 адам жұмыссыздар ретінде есепте тұр.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Казахстанцам открыли безвизовый въезд в популярную страну Европы

Бибисара Асаубаева решила изучать казахский язык