Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды

Zakon.kz
Ұлт жоспарының 60-қадамын жүзеге асыру аясында Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысы Талғар ауданы Арқабай ауылында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған жобаны қаржыландырды.

Корпорацияның қаржылай қолдауы арқасында 500 млн теңгеден аса несие алған «Байсерке-Агро» ЖШС қолындағы сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын 850 бас ірі қара малға дейін арттыруға мүмкіндік алды, деп жазады Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Корпорацияның қолдауы есебінен шаруашылыққа қажет жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ сүт-тауарлы фермасы алдағы уақытта тәулігіне 16 тонна сүт сауып, осы арқылы жылына 5 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

Фото: www.idpr.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана

Зеленский заявил о готовности подписать мирное соглашение с Россией