Павлодарда ЖЭО-3 кәсіпорнында бульдозерші қауіпсіздік техникасын сақтамаған

56 жастағы жұмыскер түнгі ауысымда жұмыс істеген. Ал, оның мәйіті бір тәулік өткеннен кейін табылған.

Бульдозершінің тордан құлап, конвейер арқылы ұнтақтағышқа түсуіне жұмыскердің қауіпсіздік техникасын сақтамауы ғана себеп болмаған. Сондай-ақ ажал құштырған сол бір тордың көлемі ережеге сай келмеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық еңбек басқармасы еңбекті қорғау және қауіпсіздікті бақылау бөлімінің басшысы Данияр Акижановтың айтуынша, 56 жастағы жұмыскер түнгі ауысымда жұмыс істеген. Ал, оның мәйіті бір тәулік өткеннен кейін табылған.

- Қайғылы оқиға ТЭО-3 аумағында орын алған. Сол жерде "АТП-инвест" ЖШС-нің жұмыскерлері көмір тиеп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша бульдозерші еңбекті қорғау ережесін бұзып, бортқа шығып кеткен. Сонымен қатар, кәсіпорынның тарапынан да кінә бар. Себебі басшылық жұмыс процесіне тиісті деңгейде бақылау жүргізбеген және өндірістік жұмыстарды қанағаттанарлықсыз ұйымдастырған. Тордың көлемі 40*40 см болуы тиіс. Дегенмен бұл ретте оның көлемі ережеге сай келмеген. Нәтижесінде жұмысшы төмен қарай құлап, конвейер арқылы ұнтақтағышқа түскен. Жұмыс беруші әлеуметтік төлемдерді толық өтейді, - деді Данияр Акижанов.

25-маусым күні қайғылы оқиғаға тергеу жүргізетін жұмыс комиссиясы құрылды. Сонымен қатар, 56 жастағы ер адамның 39 жыл бойы түрлі өндіріс саласында еңбек еткені анықталды. Бұл кәсіпорында ол бульдозерші болып тоғыз жыл жұмыс істеген. Қазіргі таңда тексеру материалдары облыстық ІІД-нің тергеу басқармасына тапсырылған.

Омар Еркін

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: