Қ.Тоқаев: Левиттің Күмісі алтыннан ардақты

"Барша жанкүйердің зор ықылас-құрметіне ие болды. Қорытындысында - алтын жалатылған Күміс медаль", - деп жазады Сенат Төрағасы.

Левиттің Күмісі алтыннан ардақты. Твиттердегі жазбасында қазақстандық боксшы Василий Левитті Рио Олимпиадасындағы сәтті өнерімен құттықтаған ҚР Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлайды.

«В.Левит бокстан ақтық бәсекеде керемет өнер көрсетті және барша жанкүйердің зор ықылас-құрметіне ие болды. Қорытындысында - алтын жалатылған Күміс медаль», - деп жазады Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар, Қ. Тоқаев қазақстандық зілтеміршілердің Риодағы сайысын да жоғары бағалады. «Біздің зілтеміршілер Олимпиадада өздерінің жоғары деңгейін көрсетуде. А. Зайчиков қола медальді жеңіп алды, жақсы нәтижесімен құттықтаймын!» - деді спикер.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: