Жапондар қазақ әндерін сүйіп тыңдайды

Қанат Үмбетовтің «Жүректесің» әнін қазақстандық қыз Осакадағы түнгі клубтардың бірінен тыңдап қалады.

Жопонияның Осака қаласындағы түңгі клубтың бірінде қазақ әні шырқалып тұр. Келушілер «Shymkent style» атап кеткен бұл ән клубқа келушілердің сүйікті әніне айналған – деп жазады BAQ.kz.

Қанат Үмбетовтің «Жүректесің» әнін қазақстандық қыз Осакадағы түнгі клубтардың бірінен тыңдап қалады.

Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген қыз:

«Осаканың орталық көшелерінің бірінде қыдырып жүріп, кенет қазақша ән естіп қалдым. Дереу барға кіргенімде өзіміздің Қанаттың ән айтып жатқанына куә болдым. Жапондар оны ерекше әсермен тыңдайды екен. Менде Қанаттың орындауындағы әнді тыңдап қайттым» - деп жазады.

Оның айтуына қарағанда осакалық бармен бірде жолы түсіп Шымкентке келгенде бұл ән қатты ұнағаны сондай оны үйреніп алған және өзімен бірге алып кеткен.

Ол бармен бұл жерде әзірге жұмыс істемейді екен. Алайда клубқа келушілердің бірі «Shymkent style» жанрындағы әнді қойып берулерін өтініпті. Әлеуметтік желіге жазған қыздың айтуына қарағанда «Shymkent style» жанры – қазақ әндері болса керек.

Фото: newtimes.kz

Следите за новостями zakon.kz в: