Шаруаларға дизель отыны арзандатылған бағамен босатылуда

Фото: zakon.kz
Республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуіне 391,6 мың тонна дизель отыны қажет.

Елімізде егін орағы науқаны кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге дизель отыны төмендетілген бағамен, яғни литрі 92 теңгеден жеткізілуде, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Айта кетерлігі, республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуіне 391,6 мың тонна дизель отыны қажет. Мұндай көлемдегі дизель отыны елімізде бар.

Өңірлердегі арзандатылған дизель отынының 1 литрінің бағасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орта есеппен 92 теңгені құрап отыр. ал өзге жанармай стансаларында дизельдің 1 литрі 108 теңгені құрайды. Демек, бұл шаруаларға дизель нарықтық бағадан 15 пайызға арзан жөнелтілуде деген сөз.

Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдайға сәйкес Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп бекіткен МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бойынша жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126 мың тонна дизель отынын тиеп, жөнелтті. Бұл жоспарлаған көлемнің 32 пайызын құрайды.

Марлан Жиембай

Фото:egemen.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых

Бибисара Асаубаева решила изучать казахский язык