Қостанай облысында 2 млн. теңге пара алған шенеунік ұсталды

Zakon.kz
Қазіргі уақытта Д.Жансейітов пен Ю.Григоренко қылмыстарын толығымен мойындады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаменті облыс әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Д.Жансейітовті ұстады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Ведомствоның хабарлауынша, Д.Жансейітовтің өзіне бағынышты бөлімнің жетекшісі Ю.Григоренко арқылы жеке тұлғадан облыс аумағында бағдаршам нысандарын салу жұмыстарының орындалуы туралы актіге қол қою және жалпы қамқорлығына алу үшін 2 млн. теңге алғандығы анықталған.

Қазіргі уақытта Д.Жансейітов пен Ю.Григоренко қылмыстарын толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Марлан Жиембай

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Хорошую новость об общественном транспорте сообщили астанчанам

Зима вернется в Астану, а чего ждать Алматы и Шымкенту – прогноз на 15-17 апреля

6 лучших пород собак для охраны дома – выбирайте правильно

Казахстанцам, едущим в Россию на работу или учебу, напомнили о новом обязательстве

Курс доллара еще вырос на торгах 14 апреля