Өзен көліктерімен тасымалдау көлемі Қазақстанда 13%-ға ұлғайды – ҚР ИДМ

Негізгі жүктер айналымының көлемі Ертіс бассейніне келеді, бүгінгі күні сәтті дамуда, оның ішінде, экспорттық тасымалдау.

Ағымдағы жылғы 7 ай қорытындысы бойынша өзен көліктерімен 600 мыңға жуық жүктер тасымалданды, бұл 2015 жылғы аналогиялық кезеңінің көрсеткіштерінен 13% жоғары, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.

Негізгі жүктер айналымының көлемі Ертіс бассейніне келеді, бүгінгі күні сәтті дамуда, оның ішінде, экспорттық тасымалдау. Бұл ретте министрлікпен кеме қатынасының қауіпсіздігі бойынша қажетті шаралар қабалданып жатыр.

«Кеме қатынасы су жолдарында 3 мыңнан астам навигациялық белгілер қойылды, 1 331 мың текше метр көлемінде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, 4 мың км астам су жолдарында арналық іздестірулер жүргізілді», - деп хабарлайды ведомство.

Жағалау инфрақұрылымын дамыту, Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасының ашылуы және Жайық-Каспий арнасының кемелік жүрісін қайта қалпына келтіру бойынша жоспарланған шараларды ескере отырып, теңіз көлігімен тасымалдауды 1,5 млн тоннаға дейін арттару жоспарланды.

Фото: fsrlogistik.de

Следите за новостями zakon.kz в: