ОҚО-да «мектепке жол» акциясы өтті

Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 934 жас есепке алынған.

Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті, деп жазады , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты Елбасының оқушылардың мектепке дайындығын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасылар, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу болып табылады.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 934 жас есепке алынған. Осыған орай, «Бізбен бірге» еріктілері Достық,Чапаевка және Қайнар бұлақ шағын ауданында тұратын 50 -ден аса түрлі жағдайдағы көп балалы және жартылай жетім отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

Болашақта мұндай шараларды өткізіп тұруды облыс әкімдігі мен қоғамдық ұйым жетекшілері дәстүрге айналдырмақ.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: