ОҚО әділет департаменті басшысының азаматтармен есептік кездесуі өтті

Zakon.kz
Әділет органдарының құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша баяндама жасаған департамент басшысы, азаматтардың және БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

ОҚО әділет департаментінің басшысы Е.С. Дауылбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық әділет органдары Үйлестіру кеңесі, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшелері, облыс әкімі аппараты, кәсіпкерлер одағы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамын іске асыру, сонымен қатар Дүниежүзілік «Doing Business» банк рейтингісінің «Келісім-шарттарының орындалуы» индикаторында Қазақстанның беделін көтеру мақсатында бұл жүйе биыл елеулі өзгерістер көрсетті. Реформаның негізі жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең-кезеңмен біртіндеп қысқарту, сондай-ақ олардың қызметін автоматтандыру: атқарушылық іс жүргізу органдарының кызметінің автоматтандыру ақпараттық жүйесін кеңейту; борышкерлердің мүлкі туралы деректерді электронды форматта алу мүмкіншілігі; сот орындаушысының әрекеттерінің электронды санкциялануы және атқарушылық ісі шегінде борышкерлердің мүлкіне сауда-саттық өткізу тек электронды түрде жүргізіледі. Осы және әділет органдарының құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша баяндама жасаған департамент басшысы, азаматтардың және БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов