Сарыағашта қос мереке қарсаңында үш мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Zakon.kz
Жалпы Сарыағаш ауданында осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерде ауылдық клубтар мен кітапхана құрылыстары қарқынды жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, үш мәдениет нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында тұрғындарға есігін айқара ашқан 75 орындық ауылдық клубтар Жібек жолы мен Бірлік ауылдық округтерінде орналасқан болса, енді бірі Құркелес ауылдық округіндегі 150 орындық мәдениет үйі.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы Қ.Әбдуалиев барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, дарынды да талантты азаматтардың саны артатынына сенім білдірді.

Пайдалануға берілген мәдениет нысандары толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.

Жалпы Сарыағаш ауданында осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерде ауылдық клубтар мен кітапхана құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бүгінге дейін Бірлік, Жібек жолы, Құркелес, Тегісшіл, Ақтөбе ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы аяқталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет үйлері аудан тұрғындарына тапсырылады деп жоспарлануда.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана